Arrow
Arrow
Slider

 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9-бабына сәйкес, Мақтаарал аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Мақтаарал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар  арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды.

           Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

           Коммерциялық ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Мақтаарал ауданы шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

           Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының  10-бабына сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

           1) сотталғандығы болмауы;

           2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

           3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

           Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына:

1) кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

           2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.

           Құжаттар:

           жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша: 160547 Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі-96, Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты, Мақтаарал аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс тобына немесе электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде mama288@mail.ru электрондық поштасына жолданады.

           Ұсыныстарды қабылдау 2016 жылдың 21 қыркүйекке дейін дүйсенбі  мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап, 19.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс 13.00-ден 15.00 сағатқа дейін.

           Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей аудандық мәслихат аппаратынан (б/н) немесе 8 (72541) 2-12-35 телефоны бойынша аудандық мәслихат аппарат басшысының м.а. Салиев Ержан Пердебековичтен, сондай-ақ аудандық мәслихат сайтынан (www.maslihat.maktaral.gov.kz) алуға болады.

 

Мақтаарал ауданының

Қоғамдық кеңесін қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының басшысы,

аудандық мәслихат хатшысы :                                                              Қ.Сәрсекбаев

  • f1
  • f2
  • f3
  • b-egov
  • uko adilet
  • f9
  • f10
  • f11
  • f12
  • f17
  • f13
bestas yuzuk paykwik hasta yataklari sisme kadin hasta yatagi pendik escort umraniye escort paykasa bozum kartal escort takma penis antalya escort atakoy escort izmir escort free sex movies findikzade escort agario unblocked